Accessibility links

Рябков: Иран бойынша келісім жасалуға жақын


Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.

Иран мен әлемдік алты держава Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келісім бекітуге жақын қалды деп мәлімдеген Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.

«Барлық тарап мәселе жақын күндері шешіледі деген пікір ұстанып отыр» деп сәрсенбі күні Венада сөйлеген Рябковтың сөзін келтірген ресейлік ТАСС агенттігі.

Сонымен бірге Рябков Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік (МАГАТЭ) бас директоры Юкио Аманоның сапары келіссөздерге «үлкен айқындық» әкелгенін айтқан.

Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия, Ресей, АҚШ пен Иран арасында Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім жасалса, Иранға салынған экономикалық санкциялар біраз жеңілдейді. Бұған дейін тараптар келісімге қатысты келіссөздердің шекті мерзімін шілденің 7-іне дейін ұзартқан.

Әлемдік алты держава Иран ядролық бағдарламасын жойқын қару жасауға пайдаланбауы үшін оған шектеу қоюды көздейді. Тегеран болса ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG