Accessibility links

Тунисте төтенше жағдай жарияланды


Imperial Marhaba қонақ үйінің оқ тескен терезесі. Сус қаласы, Тунис. 26 маусым 2015 жыл.
Imperial Marhaba қонақ үйінің оқ тескен терезесі. Сус қаласы, Тунис. 26 маусым 2015 жыл.

Тунис президенті елде төтенше жағдай енгізілетінін жариялады. Бұл шара маусымның 26-күні Жерорта теңізі жағалауындағы курорттардың бірі – Сус қаласы аймағында жасалған террорлық шабуылға байланысты қабылданған. Шабуылдан қаза тапқан 38 шетелдік туристің 30-ы – Ұлыбритания азаматтары деп хабарланған.

Оқиға орнына барған полиция күдіктіні атып өлтірген. Бұл террорлық шабуылды «Ислам мемлекеті» радикалдық тобы өз мойнына алатынын мәлімдеген.

Телеарна арқылы халыққа үндеуінде Тунис президенті Беджи Каид әс-Себси төтенше жағдай жариялау туралы шешімді ел парламентінің жетекшісі және премьер-министрмен кеңескен соң қабылдағанын айтқан. Төтенше жағдай отыз күн мерзімге жарияланған. Президенттің сөзінше, Тунисте террорлық шабуылдың ауыр зардабы байқалып отыр. «Қауіп әлі сейілген жоқ және мемлекет соғыстың өзгеше түріне тап болды» деген ол.

XS
SM
MD
LG