Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан XXVIII дүниежүзілік жазғы универсиада ойындарында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде қазақстандық Дмитрий Баландин чемпион атанды. Оның уақыт көрсеткіші - 59,96 секундты құрады.
Дмитрий Баландин - 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарының үш дүркін чемпионы.
Cондай-ақ дзю-додан 70 килограмм салмақ дәрежесінде күрескен Жанар Қашқын жазғы универсиаданың қола медалін иеленді.
Универсиадаға 95 спортшымен қатысып жатқан Қазақстанда әзірге бір алтын, бір қола медаль бар.
Кванджудағы универсиада шілденің 14-і күні аяқталады.