Accessibility links

Шығыс Украинада бес әскери қаза тапқан


Луганск маңындағы украиналық әскерилер. 25 маусым 2015 жыл.
Луганск маңындағы украиналық әскерилер. 25 маусым 2015 жыл.

Украинаның шығыс аймағында фугас жарылып, салдарынан бес әскери қызметкер қаза тауып, үшеуі жараланған. Оқиға Луганскіден 50 километрдегі Донецкая елдімекені жанында болған.

Ақпан айында жасалған бітім туралы келісімдерден соң ресейшіл сепаратистер мен үкімет күштері арасындағы қарулы қақтығыстар саябырсыған еді. Бірақ екі тарап атысты тоқтату келісімін бұзды деп бір-бірін жиі айыптайды.

Украина әскери басшылығының өкілі Александр Мотузанюктың мәлімдеуінше, «ахуал күрделі күйінде қалып отыр». Ол сепаратистер жағынан шабуылдар әлі де жалғасып жатқанын айтады. Мотузанюктың сөзінше, қарсы тарап Луганск маңындағы елдімекендердегі үкімет күштерінің позицияларын бейбіт келісім бойынша қолдануға тыйым салынған ауыр қару түрлерінен 32 рет атқылаған.

XS
SM
MD
LG