Accessibility links

Грекия қаржы министрі отставкаға кетті


Грекия қаржы министрі Янис Варуфакис.
Грекия қаржы министрі Янис Варуфакис.

Грекия қаржы министрі Янис Варуфакис 5 шілдеде өткен референдумда грекиялықтардың көпшілігі халықаралық несие берушілер талабына қарсы дауыс бергеніне қарамастан отставкаға кетті.

6 шілдеде жасаған мәлімдемесінде Варуфакис премьер-министр Алексис Ципрас оның отставкасы "келісім жасауға септігін тигізеді" деп ұйғарғандықтан қаржы министрі қызметінен кетіп жатқанын айтты.

"Отставкаға кету туралы шешімді келіссөзге қатысушы кейбір еуротоп өкілдері және жекелеген серіктестер өздерінің жиындарына қатыспауымды қалағаннан кейін қабылдадым. 5 шілдеде болған референдум тарихта Еуропаның шағын ғана мемлекетінің қарыз құлдығына қарсы тұрған сәті ретінде қалады" деп мәлімдеген Варуфакис.

Янис Варуфакис қаңтар айында жаңа үкімет құрылып, қаржы министрі қызметіне тағайындалғаннан бері батылдығымен әрі ақпарат құралдарында жиі көрінуге құмарлығымен танылған.

Ол Грекияның қарыз мәселесіне қатысты келіссөздерде еуро қолданатын елдер қаржы министрлерінің көпшілігінің ашуын келтірген.

Шілденің 5-і күні өткен референдумға ресми есеп бойынша сайлаушылардың 62 пайызы қатысқан. Олардың 38 пайыздан астамы халықаралық несие берушілер талаптарын қолдаса, 61 пайыздан көбі «жоқ» деп жауап берген.

Шілденің 3-і күні Еуропалық қаржы тұрақтылық қоры (EFSF) Грекияны төлемге толық қабілетсіз мемлекет деп жариялаған. Шілденің 1-і күні Грекия халықаралық валюта қорына 1,5 миллиард еуродан аса көлеміндегі несие берешегін төлей алмай дефолтқа ұшыраған.

XS
SM
MD
LG