Accessibility links

Қытай: Шыңжаңда "этникалық мәселе" жоқ


Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы орталығы Үрімжі көшесінде жүрген ұйғыр әйел мен полицейлер. (Көрнекі сурет).
Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы орталығы Үрімжі көшесінде жүрген ұйғыр әйел мен полицейлер. (Көрнекі сурет).

Қытайдың батысындағы Щыңжаң аймағында "этникалық проблема" жоқ, ал ондағы азшылықты құрайтын мұсылман ұйғырлар діни еркіндікте тұрады деп мәлімдеді бүгін Қытай сыртқы істер министрлігі. Reuters агенттігінің хабарлауынша, ресми Пекин мұндай мәлімдемені Түркияда өткен Қытайдың ұйғырларға қатысты саясатына қарсы наразылықтардан кейін жасап отыр.

Қытай мен Түркия қарым-қатынасы Пекиннің Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданындағы ұйғырларға қатысты саясатынан нашарлап кеткен. Түріктердің көпшілігі өздерін Қытай билігі мұсылмандардың Рамазан айында ораза ұстап, діни жоралғыларын орындауына тыйым салынды деген ұйғырлармен діни және мәдение тұрғыда жақын санайды.

"Ұйғырлар конституция талаптарына сай бейбітшілік пен үйлесімділікте тұрады және діни еркіндік берілген" деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин журналистерге. "Яғни, сіздер айтқандай "Шыңжаң этникалық проблемасы" бізде жоқ" деді Хуа Чуньин.

5 шілдеде жүздеген наразылық танытушы Стамбулдағы Қытай консулдығы алдына жиналып, анти-қытайлық ұрандар айтып, ту ұстап шыққан.

Түркия өткен аптада Қытайдағы қуғыннан қашып келген ұйғырларды қабылдай беруге уәде берген. Түркия бұған қоса Қытай ұйғырлардың ораза ұстауына тыйым салды деген хабарларға алаңдаушылық білдірген.

Соңғы үш жылда Шыңжаңда бірнеше шабуылдардан жүздеген адам мерт болған. Пекин шабуылдарды аймақта "Шығыс Түркістан" тәуелсіз мемлекетін құруды көздейтін исламшыл содырлардан көреді.

XS
SM
MD
LG