Accessibility links

Назарбаев Астанада Атамбаевпен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Минск, 10 қазан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Минск, 10 қазан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесіп, Қырғызстанның бірінші дәрежелі "Манас" орденімен марапатталды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қос президент кездесуде екі ел ынтымақтастығын ары қарай дамыту мәселелерін, аймақтық және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара байланыс жолдарын, халықаралық кейбір маңызды мәселелерді де талқылаған. Атамбаев кездесуде Назарбаевқа "екі ел арасындағы достық пен тату көршілікті нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін" бірінші дәрежелі "Манас" орденін тапсырған.

"Қазақстандықтардың барлығы Қырғызстанда тұрақтылық пен тыныштық сақталып, ел дамып, күшті мемлекет болса екен деп ойлап тұрады" деген Назарбаев.

Шілденің басында Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевты бірінші дәрежелі "Манас" орденімен" марапаттау туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG