Accessibility links

Уимблдон: Дияс Шараповадан жеңілді


Зарина Дияс Уимблдон жарысында

Әлемнің 34-ракеткасы, қазақстандық Зарина Дияс Уимблдон турнирінің төртінші кезеңінде ресейлік Мария Шараповадан 4:6, 4:6 есебімен жеңілді. Матч бір сағат 40 минутқа созылды.

21 жастағы қазақ теннисшісі үшінші айналымда жарыстың және әлемнің 14-ракеткасы Андреа Петковичті (Германия) 7:5, 6:4 есебімен жеңген еді.

Дияс 2014 жылғы Уимблдон жарысының төртінші кезеңіне дейін жеткен.

Уимблдон – теннистен әлемдегі Grand Slam (Үлкен шлем) сериясына кіретін ең ірі төрт турнирдің бірі. Лондонда өтетін жарыстың жүлде қоры 26 миллион 750 мың фунт стерлингті құрайды.

Биылғы Уимблон жарысы 12 шілдеде аяқталады.

XS
SM
MD
LG