Accessibility links

Йеменде әуе шабуылынан жүздеген адам қаза тапты


Әуе шабуылынан қираған Аден қаласындағы ғимараттардың бірі.
Әуе шабуылынан қираған Аден қаласындағы ғимараттардың бірі.

Йеменнің Амран провинциясына жасалған әуе шабуылдарынан 54 адам мерт болған. Жергілікті "Саба" ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, қаза тапқандар ішіндегі 40 адам - базарға келгендер, арасында әйелдер мен балалар бар.

Сауд Арабиясы бастаған шетелдік коалиция жасаған әуе шабуылдарынан Йеменнің оңтүстік бөлігіндегі мал базарында да 40 адам қаза тапқан.

Одан бөлек, Аден мен Лахж қалалары ортасындағы хуситтер шоғырланған аймаққа жасалған әуе шабуылынан 30 адам опат болған. Бұл әуе шабуылынан хуситтер қарулы тобының 10 мүшесі өлген.

Йеменнің шетелге қашқан президенті Абд-Раббу Мансур Хадидің билікті қайта қолға алуын қамтамасыз ету мақсатымен хуситтерге қарсы әуе операциялары наурыз айында басталған. Абд-Раббу Мансур Хадиге қарсы көтеріліп, оны Сауд Арабиясына кетуге мәжбүр еткен хуситтерді (шииттер) Иран қолдайды.

БҰҰ деректері бойынша, Йеменде қарулы жанжал басталған наурыз айынан бері шамамен үш мыңға жуық адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG