Астана Таяу Шығыс пен Африка елдерінде болған террорлық әрекеттерге алаңдаушылығын білдіріп, мәлімдеме жасады.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Қазақстанның "қарапайым халыққа зардабы тиген террорлық іс-әрекеттерден" Таяу Шығыс және бірқатар Африка мемлекеттеріндегі ахуалдың нашарлауына байланысты алаңдаушылық білдіретіні айтылған.
Қазақстан Тунис, Кувейт, Египет және Нигерия халықтарының қайғы-қасіретіне ортақтастығын білдіріп, осы елдерде болған террорлық әрекеттерге қатысты қөңіл айтады" деп жазылған.
Қазақстан "дүниежүзілік қауымдастықтың бір мүшесі ретінде, осы елдердегі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, террордың барлық түрін айыптайтынын" мәлімдеген.