Accessibility links

Дияс тамызда Вашингтондағы жарысқа қатысады


Зарина Дияс

Уимблдон жарысының төртінші айналымына дейін жеткен қазақстандық теннисші Зарина Дияс енді 1 тамызда Вашингтонда басталатын Citi Open жарысына қатысады. Бұл туралы жарыстың ресми сайтында жарияланды.

Дияс 1 тамызға дейін Қытайдың Гуанжоу қаласында қытайлық жаттықтырушысы Алан Мамен осы жарысқа және 31 тамызда басталатын биылғы жылғы соңғы Үлкен шлем жарысы - US Open-ге дайындалады.

21 жастағы қазақ теннисшісі Зарина Дияс қазір әлемдік рейтингте 34-орында тұр.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде қазақ тілінде редактор. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан, Джакартада өткен Азия ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG