Accessibility links

ЕО Грекияға реформа әзірлеуге соңғы пұрсат берді


ЕО лидерлерінің жиыны.
ЕО лидерлерінің жиыны.

Еуропа елдерінің басшылары Грекия премьер-министрі Алексис Ципрасқа елді қаржылық дағдарыстан құтқару реформасын жасауға соңғы мүмкіндік беріп, реформа ұсыну уақытын 12 шілдеге дейін созды.

Еуроодақ (ЕО) төрағасы Дональд Туск Брюссельдегі арнайы жиында одаққа мүше 28 ел басшыларына бұл мәселеге баса көңіл аударуға шақырып, "дәл қазір біз үшін ең қиын сәт" деп мәлімдеді.

Ал Франция президенті Франсуа Олланд "Бұл - Грекияның ғана емес, бүкіл Еуропаның мәселесі" деді. Ал Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер Грекияны Еуроаймақтан шығару жоспарын дайындап қойғанын айтты.

XS
SM
MD
LG