7 шілдеде Баку соты бірнеше адамды Сириядағы соғыс әрекеттеріне қатысты деген айыппен ұзақ жылға соттады.
Азаттықтың Әзербайжан қызметінің мәлімдеуінше, айыпталған алты адамның төртеуі - 15 жылға, екеуі 14 жылға сотталған.
Оларға "заңсыз қару-жарақ сақтау, шетелдегі заңсыз әскери іс-әрекеттерге қатысты" деген айып тағылған. Сотталғандар өз кінәларын мойындамай, сот процесі кезінде түсінік беруден бас тартты.