Қазақстандық "Қазатомпром" компнаиясы мен үндістандық атом энергиясы департаменті уран тасымалдау келісіміне қол қойды.
Келісімге екі ел басшылары қол қойғаннан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан 2015-2019 жылдары арасында Үндістанға 5 мың тонна уран жеткізуді жоспарлайтынын айтқан.
7 шілдеде Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди екі күндік ресми сапармен Қазақстанға келген.