Accessibility links

Наурызбай ауданы тұрғындары наразылық білдірді


Наразылық білдірген Наурызбай ауданы тұрғындары. Алматы. 8 шілде 2015 жыл
Наразылық білдірген Наурызбай ауданы тұрғындары. Алматы. 8 шілде 2015 жыл

Алматыдағы Наурызбай ауданында тұратын ондаған тұрғын Ақсай ауруханасының маңына жиналып, қарсылық білдірді.

Жиналғандар аурухананың жаяу жүргіншілер жолына кіретін аумақты қоршап алғандарына наразылық білдірді.

Қарсылыққа шыққан тұрғын Сайлау Лепесов сол маңда жүрген Азаттық тілшісіне бірнеше жыл бойы балалардың мектепке баратын жолын қорғанмен қоршап алғанын айтты.

- Бұл маңды қоршар кезде жол қалдырамыз деп уәде берген. Қазір жол жоқ. Балалар мектепке бару үшін көлік трассасынан өту керек. Ол өте қауіпті, - деді Лепесов Азаттық тілшісіне.

Қарсылық білдірушілер дуалды бұзуға да талпынған.

Ал Ақсай балалар ауруханасының өкілдерінің бірі Мұрат Камалинов жер заңды түрде қоршалғанын мемлекеттік акті бар екенін айтты. Ол алдағы уақытта жер қайта өлшенетінін, егер артық жер болса жол ашып беретіндерін жеткізді.

XS
SM
MD
LG