Accessibility links

Алматыда наразылық шарасынан бірнеше адам ұсталды


«Халық банк» өкілдері банкке проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы талаппен келген борышкерлермен кездесіп тұр. Алматы, 9 шілде 2015 жыл.
«Халық банк» өкілдері банкке проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы талаппен келген борышкерлермен кездесіп тұр. Алматы, 9 шілде 2015 жыл.

Алматыда бүгін «Халық банк» алдына жиналған «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Сұлубике Жақсылықова мен бірнеше борышкерді полиция ұстап әкетті.

Проблемалық ипотекалары бар борышкерлер «Халық банк» Ұлттық банктің проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы шешімін орындамай отыр деп наразылық білдірген.

«Халық банктің» маркетинг бөлімінің өкілі Сағынбек Шүңкеев Азаттық тілшісіне қарсылық білдірушілерден банкке олардың ипотекалық мәселелерін қарауға арыз не өтініш түспегенін айтты.

Маусымда Ұлттық банк проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға бөлінген 130 миллиард теңгенің жартысына жуығы – 63,2 миллиард теңге банктерге түсетінін мәлімдеген. Ұлттық банктің дерегінше, банктің проблемалық несиелер қоры келісім-шарт жасасқан екінші деңгейлі банктерге 63,2 миллиард теңге аударған.

XS
SM
MD
LG