Accessibility links

Жазғы универсиада-2015: Қазақстан үшінші қола жүлде алды


Кванджу универсиадасы талисманы.
Кванджу универсиадасы талисманы.

Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан XXVIII дүниежүзілік жазғы универсиада ойындарында стенд атудан Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста қола медаль иеленді.

Құрамында Андрей Фролов, Александр Ященко және Владимир Пошивалов бар Қазақстан құрамасы 332 ұпаймен үшінші орын алды. Алтын мен күмісті Ресей (348) мен Италия (347) спортшылары иеленді.

Универсиадаға 95 спортшымен қатысып жатқан Қазақстан құрамасында әзірге бір алтын, үш қола медаль бар. Осыған дейін жүзуден Дмитрий Баландин - алтын, дзю-додан Жанар Қашқын, стенд атудан әйелдер құрамасы командалық жарыста қола медаль алған.

Кванджудағы универсиада шілденің 14-і күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG