Қазақстан парламенті сенатының депутаттары Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО немесе ЕЭО) кіру туралы келісім-шартты ратификациялады.
Бұған дейін шілденің 1-і күні Қазақстан ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ұсынған жобаны қараған мәжіліс Қырғызстанның ЕЭО-ға мүше болу шарттарымен келісіп, мақұлдаған.
Қырғызстан биыл мамыр айында ЕЭО-ға кіру жөніндегі барлық процедураларын аяқтап, одаққа кіру туралы келісімді Қырғызстан парламенті мақұлдап, ел президенті қол қойған.
ЕЭО 2015 жылдың қаңтарынан жұмыс істеп жатыр.