Accessibility links

KAZ Minerals: Ақтоғай кенішінде жұмыс жалғасып жатыр


Шығыс Қазақстан облысының картасы. (Көрнекі сурет).
Шығыс Қазақстан облысының картасы. (Көрнекі сурет).

Жұмысшылар арасында жаппай төбелес болған Ақтоғай тау-кен байыту кешенінде қазір «жұмыс штаттық режимде жалғасып жатыр» деп хабарлайды осы кешенге иелік ететін KAZ Minerals тобы баспасөз қызметі.

Сонымен бірге KAZ Minerals тобы таратқан ақпаратта «Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің «Қазақмыс» корпорациясына ешқандай қатысы жоқ» деп айтылған. Бұған дейін жергілікті агенттікттер Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап, шілденің 8-і күні Аягөз ауданында «Қазақмыс» компаниясының тау-кен байыту комбинатында жұмысшылар арасында жаппай төбелес болып, 31 адам зардап шеккен» деп хабарлаған.

Бейсенбі күні сырты істер министрлігі баспасөз қызметі Аягөздегі тау-кен кешенінде Қытай және Қазақстан азаматтарының қатысуымен болған жаппай төбелеске байланысты үкіметте шұғыл жиын өткені туралы хабарлаған.

Полиция органдарының ақпараты бойынша, Аягөз және Өскемен ауруханаларына жеткізілген жиырмадан аса адамның арасында қазақстандықтар мен Қытай азаматтары бар. «Комбинат асханасында тамақтану кезінде жұмысшылардың бірінің тамақ сапасына көңілі толмай, аспаздың денесіне жарақат салуы жұмысшылар арасындағы төбелеске себеп болған» делінген ресми ақпаратта.

XS
SM
MD
LG