Бүгін жарияланған халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) рейтингінде Қазақстан 133-орыннан 142-орынға түскен.
Бірінші орында Америка кубогының финалына шыққан Аргентина тұр. Ал 2014 жылғы әлем чемпионы Германия екінші орынға түкен. Үштікке Бельгия құрамасы енген.
Жаңа рейтингте Украина - 27, Ресей - 28, Өзбекстан - 75, Түркменстан -152, ал Қырғызстан 157-орында тұр.
ФИФА-ның келесі рейтингі 6 тамызда жарияланады.