Accessibility links

Универсиада: Дмитрий Баландин екінші медаль алды


Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин.
Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин.

Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан XXVIII дүниежүзілік жазғы универсиада ойындарында 50 метрге брасс әдісімен жүзуде қазақстандық Дмитрий Баландин қола медаль иеленді.

Ол бұған дейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуде универсиада чемпионы атанған.

Дмитрий Баландин - 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. Ол 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын алған.

Универсиада ойындарына қатысып жатқан Қазақстан құрамасында қазір екі алтын, төрт қола медаль бар. 9 шілдеден кейін Қазақстан жалпы есепте 20-орында тұр.

Кванджудағы универсиада шілденің 14-і күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG