Accessibility links

FBI: АҚШ-та ИМ шабуылының алдын алдық


Вашинтон маңында жүрген FBI қызметкері мен полицей. АҚШ, 2 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет).
Вашинтон маңында жүрген FBI қызметкері мен полицей. АҚШ, 2 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

АҚШ билігі 4 шілде - АҚШ тәуелсіздігі күніне жоспарланған шабуылдардың алдын алып, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысы бар 10-нан астам адамды тұтқындады деп хабарлады Федералдық тергеу бюросының (немесе FBI) директоры Джеймс Коми.

"Біз 4 шілдеге жоспарланған терактіні болдырмай тастадық" деген Коми 10-нана астам адамның бұдан бір ай бұрын ұсталғанынан басқа ештеңе айтпады.

Ал ұлттық қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздері Ирак пен Сириядағы ИМ-мен байланысы бар күдіктілердің шетелден ойластырған шабуылдардың да әшкереленгенін хабарлаған.

FBI 4 шілде қарсаңында жергілікті құқық қорғау орындарын шабуыл жасалу қаупі бар деп ескерткен.

Бұған дейін ИМ басшылары әлеуметтік желілер арқылы қарамағындағы содырларды мұсылмандардың Рамазан айында шабуылдар жасауға шақырған.

АҚШ қауіпсіздік қызметінің ақпаратына қарағанда, ұсталғандардың кейбірі ИМ-мен шифрлы мәліметтер арқылы байланыс орнатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG