Accessibility links

Сапарбаев: ШҚО-дағы төбелеске 145 адам қатысқан


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бердібек Сапарбаев.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Шығыс Қазақстан облысындағы (ШҚО) Ақтоғай кенішінде 8 шілдеде болған төбелеске 145 адам қатысқан деп хабарлады бүгін премьер-министр орынбасары Бердібек Сапарбаев. Астанада брифингте сөйлеген Сапарбаевтың айтуынша, қытайлық және қазақстандық жұмысшылардың қатысуымен болған төбелесте 65 адам ауруханаға түскен. Сапарбаев қазір кеніште комиссия жұмыс істеп жатқанын, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Бұған дейін ресми орындар төбелесте жараланғандар саны туралы өзгеше ақпарат таратқан еді. ШҚО ішкі істер департаменті жаппай төбелесте 30 адамның зардап шеккенін, олардың арасында Қытай азаматтарының болғанын хабарлаған еді. Департаменттің дерегінше, төбелеске Kaz Minerals компаниясының тау-кен комбинаты асханасындағы жанжал себеп болған. Полиция тамақтану кезінде жұмысшылардың бірі тамақ сапасына көңілі толмай аспазшыға дене жарақатын салғанын, осыдан кейін төбелес туындағанын айтқан.

Бұл оқиғадан кейін үкіметте шұғыл жиын өткен. Kaz Minerals компаниясы оқиғадан кейін комбинат "қалыпты жағдайда" жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG