Accessibility links

Түркияда ИМ-нің күдікті 21 мүшесі ұсталды


Түркия полиция жасағы операция кезінде. (Көрнекі сурет).
Түркия полиция жасағы операция кезінде. (Көрнекі сурет).

Түркия полициясы 10 шілдеде "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының күдікті 21 мүшесін тұтқындады деп хабарлады түркиялық мемлекеттік ақпарат құралдары.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, арасында үш шетел азаматы бар күдіктілер ел аумағында, оның ішінде Стамбулда және Түркияның оңтүстік шекарасында жүргізілген тексеру барысында тұтқындалған. Полицияның мәліметінше, аты-жөндері аталмаған шетелдіктер Сирияға өтуді жоспарлаған.

Полиция тексеру барысында ұсталғандардан аңшы мылтығы, оқ-дәрілер, ИМ-ге тиесілі құжаттар, электронды құралдар мен әскери киімдер тәркілеген.

Осы аптада АҚШ билігінің жоғары шенді делегациясы екі күндік сапармен Түркияға барып, келіссөз кезінде Анкара Сириядағы ИМ содырларына қарсы соғыста барынша ынтымақтасуға уәде берген.

Түркия НАТО-ға мүше елдердің қысымымен шетелдік содырлардың көршілес Сириядағы ИМ тобына қосылу үшін өз аумағынан өтуіне тосқауыл қою амалдарын жасай бастаған.​

XS
SM
MD
LG