Accessibility links

Петропавлда ондаған бала уланып ауруханаға түскен


Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.
Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Солтүстік Қазақстан облысында әлденеден уланып ауруханаға жеткізілген бала саны 60-қа жетті деп хабарлады «Қазақстан жаңалықтары».

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментiнің директоры Юрий Пузиковтың айтуынша, жұма күні Қызылжар ауданындағы «Серебряный бор» сауықтыру лагерінен жеткізілген балаларға ішек инфекциясы жұққан деген диагноз қойылып, олар Петропавлдағы 3-қалалық ауруханаға жатқызылған.

Пузиковтың сөзінше, кәмелеттік жасқа толмаған науқастардың барлығының жағдайы орташа дәрежедегі ауыр деп бағаланған.

«Балалардың улану себебі 3-4 күнде, анализ қортындылары дайын болған соң анықталады» деген Пузиков.

Оның сөзінше, «Серебряный бор» сауықтыру лагерінде барлығы 156 бала болған.

XS
SM
MD
LG