Қырғызстан мен Үндістан жыл сайын тұрақты түрде бірлескен әскери жаттығулар өткізіп отырмақ. Бұл туралы Бішкекте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди арасында өткізген келіссөздер қорытындысы бойынша жасалған екіжақты әскери-техникалық әріптестік туралы келісімге бүгін қол қойылған.
Үнді премьерінің сөзінше, әскери-техникалық әріптестік деген тек «жаттығу өткізумен ғана шектелмей» екі мемлекет арасында «тәжірибе мен технологиялар алмасу және кадр дайындауды білдіреді».
Қырғызстанға дейін Орталық Азия елдеріне алты күндік сапары барысында Үндістан премьер-министрі Өзбекстан, Қазақстан мен Түркіменстанда болған. Бішкектен сол Моди Тәжікстан астанасы Душанбеге барады.