Accessibility links

Шығыс Украинада атыс толастамай отыр


Донецк әуежайы маңындағы қираған үйлердің бірінде жүрген мысық.
Донецк әуежайы маңындағы қираған үйлердің бірінде жүрген мысық.

Украинаның шығысындағы аудандардан Минск келісімінің талаптары бұзылғаны туралы жаңа деректер түсіп жатыр. Қарсы тараптар арасын бөліп тұрған сызықтың бойында қарулы сепаратистер үкімет күштерінің позицияларын қырық мәртеден аса атқылаған деп хабарлайды УНИАН. 20 шақты рет калибрі 152 және 122 миллиметрлік артиллериялық қарудан, 120 миллиметрлік минометтер, танктер мен дүркіндете оқ жаудыратын қару жүйелерінен атқылаған.

Артиллериялық қарудан Пески, Авдеевка, Опытное, Луганское, Старогнатовка, Лозовое, Водяное елдімекендері мен Донецк әуежайы маңындағы үкімет күштерінің позицияларына соққы берген.

«Интерфакстың» хабарлауынша, шілденің 12-іне қараған түні украиналық артиллерия Донецк қаласының Киев ауданын атқылап, бірнеше жеке меншік үйді қиратқан. Өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» әскери мекемесінің өкілінің айтуынша, сенбі күні кешке украиналық әскерилер Донецк әуежайы терминалдарының бірін минометтен атқылаған. Сепаратистер «әуежайдың бір терминалына 120 миллиметрлік минометтерден атылған 40 мина дөп тиген» дейді.

XS
SM
MD
LG