"Ислам мемлекеті" (ИМ) өздеріне тиесілі сайттардың бірінде Ауғанстандағы лидерлерінің бірі Хафиз Саидтың "дауыс хабарламасын жариялап", үш күн бұрын АҚШ-тың әуе шабуылынан ИМ-нің Ауғанстандағы лидерінің өлмегенін" мәлімдеді.
10 шілдеде Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік қызметі ИМ экстремистік тобының Ауғанстандағы үш лидері - Маулави Шахидулла Шахид, Гүл Замн Фатех және Хафиз Саид Ауғанстан шығысында әуе шабуылдары кезінде қаза тапқанын хабарлаған еді.
Ауғанстандық тарап олар 7 шілдеде Нангархар уәлаятындағы Ачин ауданында мерт болған деп мәлімдеген.