Accessibility links

СҚО-да тағы бір лагерьде 20 бала астан уланды


Жедел жәрдем көлігі (Көрнекі сурет)
Жедел жәрдем көлігі (Көрнекі сурет)

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Заря" лагерінде 20 бала астан уланып, ауруханаға түсті.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, уланған балалар Айыртау аудандық ауруханасына жіберілген. Дерек бойынша, "Заря" лагерінде 50-ден астам бала демалып жатқан.

Осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы "Серебряный бор" лагерінде 80 бала астан уланған. Олардың барлығы ауруханадан шығарылғаны хабарланды. Бұл лагерьде барлығы 156 бала демалып жатқан. Жаппай уланудан кейін бұл балалар үйлеріне қайтарылған.

XS
SM
MD
LG