Солтүстік Қазақстан облысындағы "Серебряный бор" балалар лагерінде астан уланған балалардың 18-і ауруханадан шығарылды деп хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
Петропавл қалалық 3-аурухана бас дәрігері Ержан Әбуғалиевтің айтуынша, балалар ауруханадан ата-аналарының қолхатымен шығарылған.
Шілденің 10-ы күні "Серебряный бор" лагерінде демалып жатқан 80 бала ішек инфекциясы жұққан деген диагнозбен ауруханаға түскен. Лагерьде 7-14 жас аралығындағы барлығы 156 бала демалып жатқан. Кейін лагерьде құрамында дәрігерлер, полиция, прокурорлар мен тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті өкілдері бар комиссия жұмыс істеп жатқаны хабарланған.