Accessibility links

Назарбаев EXPO-2017 дайындығын сынады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада үкімет басшыларымен EXPO-2017 көрмесіне дайындық туралы арнайы жиын өткізді.

Кешегі жиында Назарбаев "көрмеге дайындық баяу жүріп жатқанын" сынап, үкіметке бірнеше тапсырмалар жүктеді.

"Көп іс баяу жүріп жатыр. Қанша ел қатысатыны белгісіз. 30 ел ғана қатысу туралы келісімін берді. Бес ел ғана комиссарын тағайындады. Ақпараттық насихат аз. Қатысушыларға қандай жағдай жасалатыны, қандай мәдени шаралар ұйымдастырылатыны туралы ешқандай бағдарлама жоқ" деді Назарбаев.

Назарбаев EXPO-2017объектілері құрылысы баяу жүріп жатқанын айта келе барлық нысандар құрылысын 2016 жылы тамыз-қыркүйекте толық аяқтауға бұйрық берді.

XS
SM
MD
LG