Accessibility links

Хабаровскіде тағы бір бомбалаушы ұшақ апат болды


Ресейдің Ту-95 стратегиялық бомбалаушы ұшағы. (Көрнекі сурет).
Ресейдің Ту-95 стратегиялық бомбалаушы ұшағы. (Көрнекі сурет).

Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хабаровск өлкесінде Ту-95 стратегиялық бомбалаушы ұшағы апатқа ұшырады.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ту-95 147 шілде күні таңертең Хабаровск қаласынан 80 километр қашықтықта, елді мекеннен қашықта апатқа ұшыраған. Апатқа ұшыраған кезде ұшақта бомба болмаған. Ұшқыш ұшақ құламас бұрын одан секіріп кеткен.

Хабаровск өлкесінде соңғы сегіз күнде осымен екінші әскери ұшақ құлап отыр. Шілденің 6-сы күні Су-24М бомбалаушы ұшағы жаттығу миссиясы кезінде әуеге көтеріліп бара жатып апат болып, екі ұшқыш қаза тапқан.

Қорғаныс министрлігі бұдан соң ұшақ апатына қатысты тергеу бастап, барлық Су-24 бомбалаушы ұшақтарының ұшуына тергеу аяқталғанша тыйым салды.

XS
SM
MD
LG