Accessibility links

Түркия ИМ-ды жақтайтын сайттарды бұғаулады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркия "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы желілерінің елде беки түсуін болдырмау үшін оннан астам исламшыл ақпараттық сайтты бұғаттады.

Өткен бірнеше жылда шетелдік мыңдаған содыр Түркия территориясын Ирак пен Сириядағы "Ислам мемлекеті" ұйымына қосылу үшін кесіп өткен. Олардың кейбіріне ИМ содырларына іш тартатын интернеттегі заңсыз желілер көмектескен.

Түркия билігі 12 шілдеден бері бұғаттаған сайттардың бірнешеуі Түркияны "мұсылмандарды қудалап жатыр" деп айыптады.

Өзін ИМ-ның Al-Hayat медиа порталының жергілікті бөлімі санайтын түрік тіліндегі DarulHalife.com сайты Reuters агенттігіне "Түркия билігі Түркияға ешқандай залал келтірмеген, я шабуыл жасамаған мұсылмандардың еркіндігіне қол сұғуын тоқтатпай, қысымын күшейте берсе мұсылмандар кек алуы мүмкін" деп мәлімдеген.

Түркия үкіметі өкілінің хабарлауынша, веб-сайттардың бұғатталуы мен таяуда Сирияға бармақ болды деген күдікпен ондаған адамның ұсталуы ИМ-нің үгіт-насихат желілерін жоюдағы "маңызды шара" саналады.

XS
SM
MD
LG