Accessibility links

АҚШ конгресі спикері: Иран келісімі қарулануды күшейтеді


АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері Джон Бонер.
АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері Джон Бонер.

АҚШ кногресі өкілдер палатасының спикері Джон Бонер Иран мен алты ел жасаған келісім "әлемде ядролық қару жасау жарысын жандандыра түсуі мүмкін" деп мәлімдеді.

Бонер 14 шілдеде келісімнің Иранның тек "есін жинауына септесетінін" айтып, конгрессмендердің келісімнің "әрбір тұсын мұқият қарайтынын" білдірді.

АҚШ президенті Барак Обама бұған дейін конгрессте Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне халықаралық санкцияларды жұмсартуды көздейтін келісімнің орындалуына бөгет болатын кез-келген заңға вето қоюға шақырған.

Обама келісім батыс елдері күдіктенген "Иранның қандай да бір жолмен ядролық қаруға ие болу" мүмкіндігін жоятынын да айтқан.

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы мамыр айында көпшілік дауыспен конгресстің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған келісімді қайта қарауына, қажет болса оны қабылдамай тастауға құқық беретін заң жобасын мақұлдаған. Заң жобасы егер Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келісім жасалса, Иранға салынған санкцияларды алу туралы шешім қабылдауды 60 күнге шегере тұруға мүмкіндік береді. Бұл уақыт аралығында конгресс келісімді қолдайтынын, я қарсы екенін білдіруі тиіс.​

XS
SM
MD
LG