Accessibility links

Ципрас: ЕО-мен келісім қол қоюға міндеттіміз


Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.
Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас Еуро одағы елдерімен келісімді толық өз мойнына алатынын мәлімдеді.

«Қол қойған жаңа келісімге сенбеймін, бірақ оған қол қоюға тиіспіз. Грекияда қазір бір жол ғана бар» деп мәлімдеген ол грекиялық телеарналардың бірінде.

Грекия премьер-министрі алдағы бір айдың ішінде елдегі банктер қайта ашылып, қалыпты жұмыс істей бастайды деп үміттенетінін айтқан.

13 шілдеде еуро қолданатын елдер басшылары Грекиямен осы елге қаржы бөлу туралы алдын-ала жаңа келісім жасасқан соң Грекияның қаржылық дефолтқа ұшырап, Еуропа Одағынан шығып кету қаупі сейілген.

XS
SM
MD
LG