Астанада бүгін Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында бесінші шақырылымның төртінші сессиясының жабылғаны туралы хабарланды.
Төртінші сессияның жұмысы кезінде барлығы 190 заң жобасы қаралып, 113-і қабылданған. Бұл екінші сессиямен салыстырғанда 17, үшінші сессиядан - 9 заңға көп.
Бесінші шақырылымның бесінші сессиясы қыркүйек айында ашылады.