Парламент мәжілісі депутаты Темірхан Досмұхамбетов отставкаға кетуге өтініш білдіріп, депутаттық өкілеттігі қысқарды.
Мәжіліс аппараты баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжілістің бүгін өткен пленарлық отырысында Досмұхамбетовтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданған.
Досмұхамбетов 2012 жылдың қаңтарында мәжіліс депутаты қызметіне келген. Мәжілісте ол халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті құрамында болған. Бұған қоса ол Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті қызметін де атқарады.