Accessibility links

Лондон Тегерандағы елшілігін қайта ашпақ ниетте


Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хаммонд.
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хаммонд.

Ұлыбритания Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісім жасалғаннан кейін Тегерандағы жабылып қалған елшілігін биылғы жылдың соңына дейін қайта ашуға ниетті. Бұл жайында бүгін парламентте сыртқы істер министрі Филипп Хаммонд хабарлады. Бірақ ол елшіліктің қайта ашылуы бірқатар техникалық мәселелерге байланысты екенін ескертті.

Лондон мен Тегеран арасындағы дипломатиялық қатынас 2011 жылы қараша айында Тегеранда ирандық демонстранттар Ұлыбритания елшілігін басып алғаннан кейін жабылып қалған. Лондон 2014 жылы маусымда Тегерандағы елшілігін "бірнеше ай ішінде" қайта ашуға ниетті екенін білдірген.

Хаммонд депутаттарға бұған қоса 15 шілдеде кештеу "ядролық келісім жайлы түсіндіру үшін" Израильге баратынын да айтты.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Тегеран мен әлемдік алты державаның Иранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне халықаралық санкцияларды жұмсарту туралы келісімін "тарихи үлкен қателік" деп атаған.

XS
SM
MD
LG