Accessibility links

Обама мен Путин телефонмен Иран келісімін талқылады


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин.
АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин.

АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесіп, Иран мен "алтылық" елдері арасында жасалған Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келісім бойынша атқаратын ортақ іс-қимылдар жоспарын талқылады. Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, Обама Путинмен 15 шілде күні сөйлескен.

Барак Обама Путинге Ресейдің Иранмен 20 айға жуық уақытқа созылған келіссөздер нәтижесінде түпкілікті келісім жасауда маңызды рөл атқарғанына алғыс білдірген.

Президенттер келісімнің Иранның "ядролық қаруға ие болуына жол бермейтін тарихи шешім" екенін айтқан.

АҚШ пен Ресей президенттері Иран ядролық бағдарламасы бойынша келісімді іске асырудағы жұмыстарын үйлестіріп отыруға келісіп, аймақтағы, әсіресе Сириядағы шиеленісті рететуде бірге жұмыс істеу ниеттері барын білдірген.

Ақ үй Барак Обама Путинмен елді аралап жүргенінде президент ұшағы бортында сөйлескенін айтады.

XS
SM
MD
LG