Accessibility links

Еуропа лигасы: "Қайрат" Армения клубын жеңді


"Қайрат" футбол командасы "Алашкерт" клубымен ойыннан кейін. (Сурет "Қайрат" командасының ресми сайтынан алынды)
"Қайрат" футбол командасы "Алашкерт" клубымен ойыннан кейін. (Сурет "Қайрат" командасының ресми сайтынан алынды)

Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде армениялық «Алашкерт» клубымен кездесті.

Алматыда өткен алғашқы ойында «Қайрат» 3:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтың 14 минутында Бауыржан Исламхан пенальтиден гол соқты, 55-минутте «Қайрат» сапындағы Кот-д’Ивуар елінен келген футболшы Джерар Гоу бәсекелестің қақпасына екінші допты салды. Ал 69-минутта «Қайраттың» сербиялық легионері Джордже Деспотович есепті 3:0-ге жеткізді.

Матчтан кейін «Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс «жақсы нәтиже, бірақ түпкілікті нәтиже Еревандағы ойыннан кейін белгілі болады» деді.

«Алашкерт» командасының бапкері Абраам Хашманян «Қайраттың» күші басым болғанын айта келе, армениялық жанкүйерлерден осы жолғы ойын нәтижесі үшін кешірім сұрады.

Енді екі команда шілденің 23-інде Ереванда қарымта матч өткізеді. Қос ойынның нәтижесі бойынша жеңіске жеткен клуб Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шығады.

XS
SM
MD
LG