Accessibility links

АҚШ соты 12 адамды өлтірген Холмсты кінәлі деп тапты


Джеймс Холмс cот отырысында Колорадо, АҚШ, маусым, 2013 жыл.
Джеймс Холмс cот отырысында Колорадо, АҚШ, маусым, 2013 жыл.

АҚШ-тың Колорадо штатының соты Денвер маңындағы қалашықта кинотеатрда 12 адамды атып өлтіріп, 58 адамды жаралаған 27 жастағы Джеймс Холмсты кінәлі деп тапты.

Сот Холмсты «жарылғыш зат қолданды» деп те айыптап отыр. Джеймс Холмс 2012 жылы шілденің 20-сы күні фильм премьерасы өтіп жатқан кинотеатрға басып кіріп, тапанша мен автоматтан оқ жаудырған. Кейін ол кинотеатр маңындағы автокөлік тұрағының маңында ұсталған.

Джеймс Холмс психикалық ауруға шалдыққанын айтып, өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.

Холмсқа нақты жаза тағайындалған жоқ. Дегенмен Колорадо штатының заңы бойынша, әлгіндей қылмыс үшін өлім жазасы белгіленген.

XS
SM
MD
LG