Accessibility links

Грекияда үкіметтің жаңа мүшелері ант берді


Афинадағы парламент алдында Грекия мен Еуропа Одағы туларын ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет)
Афинадағы парламент алдында Грекия мен Еуропа Одағы туларын ұстап тұрған адам. (Көрнекі сурет)

Грекияда сенбі күні үкіметтің жаңа мүшелері ант қабылдады. Соңғы ауыс-түйісте тоғыз адам жаңа қызметке тағайындалған.

Бұған дейін еңбек министрлігін басқарып келген Панос Скурлетис өндірістік реформа, қоршаған ортаны қорғау және энергетика министрі болды. Еңбек министрі қызметіне Йоргос Катрунгалос тағайындалған. Ал оның орнына әкімшілік реформа жөніндегі министрдің бірінші орынбасары болып Христофорос Вернардакис бекітілген.

Бұған дейін Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас халықаралық кредиторлар қаржы көмегін беру жайлы Афинамен келіссөз бастау үшін талап етіп отырған бюджетті қатаң үнемдеу шараларына қарсы шыққан бірнеше министрді отставкаға жіберген еді.

Премьерді қолдайтын «Сириза» солшыл радикалдар партиясынан сайланған депутаттардың бір бөлігі бейсенбі күні реформа туралы заңдарға қарсы дауыс берген. Сол күні еуро аймағы елдерінің жетекшілері Грекияға 80 миллиард еуродан аса несие бөлуге арналған үш жылдық жоспар туралы алдын ала келісім жасағаны хабарланған.

Сонымен бірге Грекия жаңа қаржы көмегі жайлы келісімге келгенге дейін экономиканы ұстап тұру үшін 7 миллиард еуроның бридж-кредитін алмақ.

XS
SM
MD
LG