Accessibility links

АҚШ Қырғызстанды "жәрдем қысқаруы мүмкін" деп ескертті


Қырғызстандағы АҚШ елшілігі алдындағы наразылық акциясы. Бішкек, 27 ақпан 2015 жыл.
Қырғызстандағы АҚШ елшілігі алдындағы наразылық акциясы. Бішкек, 27 ақпан 2015 жыл.

Қырғызстан үкіметінің АҚШ-пен 1993 жылы жасалған ынтымақтастық туралы келісімнің күшін жоюы қырғыз халқына көмек беру бағдарламаларының көбінің қысқаруына апарып соғады. Қырғызстандағы АҚШ елшілігі ресми Бішкекті осылай деп ескерткен.

АҚШ елшілігі 1993 жылғы келісім – 20 жылдан аса уақытқа жалғасып келе жатқан ынтымақтастықтың негізі екенін атап көрсеткен. АҚШ елшілігінің мәлімдемесінде келісімді бұзу экстремизмге қарсы күрес, экономиканы, білім және демократияны қолдау және дамыту бағдарламаларына кері әсер тигізетіні айтылған.

Бұған дейін, шілденің 17-і күні таратқан мәлімдемесінде Қырғызстан үкіметі 1993 жылы мамырдың 19-ы күні қол қойылған Қырғызстан-АҚШ ынтымақтастық туралы келісімін біржақты түрде бұзу ниеті барын ескерткен.

Ресми Бішкектің мұндай мәлімдеме жасауына Қырғызстанда өмірлік түрме жазасына кесілген тұтқын – құқық қорғаушы Азимжан Асқаровты АҚШ мемлекеттік департаментінің марапаттауы себеп болған.

XS
SM
MD
LG