Accessibility links

Грекияда банктер қайта ашылады


Грекиядағы банкомат алдында тұрған адамдар.
Грекиядағы банкомат алдында тұрған адамдар.

Бүгін, 20 шілдеде елдегі дағдарысқа байланысты үш аптаға жабылған Грекиядағы барлық банктер қайта жұмысын бастайды. Бірақ тұрғындар аптасына қолма-қол 420 еуро ғана алуға мүмкіндігі бар.

17 шілдеде Еуро аймақ басшылары Грекияға 86 миллион еуро несие беруге келіскен. Ал Грекия бұл соманы үш жылдың ішінде қайтаруы тиіс.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас елде кредиторлар талабына көнуден басқа жол қалмағанын мәлімдеді.

"Бізде өзіміз мүлдем келіспейтін шарттарға көну немесе дефолт болуды таңдау ғана болды" деген еді Ципрас парламент алдында.

XS
SM
MD
LG