WTA (Халықаралық әйелдер теннис федерациясы) 20 шілдеде жарияланған жаңа рейтингінде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева төрт саты жоғарылап, 70-орынға шықты. Бұл - оның спорттық карьерасындағы ең үздік көрсеткіш.
Путинцева осы аптада Швецияның Бастад қаласында өткен турнирдің жартылай финалына дейін жеткен.
Ал Зарина Дияс 33-орнын, Ярослава Шведова 107-орнын сақтап қалды.
Үздік үштікте америкалық Серена Уильямс, ресейлік Мария Шарапова және румыниялық Симоне Халеп тұр.