Accessibility links

Айдын Айымбетов ғарышқа бортинженер ретінде ұшады


Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов.
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов.

1 қыркүйекте ғарышқа ұшатын қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтың сапардағы қызметі өзгерді. Ол ғарыштық сапарға жай ғана "қатысушы" емес, №2 бортинженер қызметін атқарады.

Айдын Айымбетов ғарышта тек 10 күн болады.

Қазақстандық ғарышқа ұшудан үмітті екі қазақстандық - Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов 2007 жылы Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында дайындығын аяқтаған. Екеуінің бірі 2009 жылы күзде халықаралық экипаж құрамында ғарышқа ұшуға тиіс еді. Бірақ Қазақстан жағы қаржы тапшылығына сүйеп ғарышкер ұшыруды кейінге қалдырды.

Айдын Айымбетов ғарышқа ұшудан бас тартқан британдық Сара Брайтманның орнына ұшады. Ал 2012 жылы Ресей азаматттығын қабылдаған Мұхтар Аймахановты былтыр «Роскосмос» ресейлік ғарышкерлер тобына енгізген болатын.

XS
SM
MD
LG