Accessibility links

Германия елшісі: Қырымға бару виза бермеуге себеп емес


Германияның Ресейдегі елшісі Рюдигер фон Фрич.
Германияның Ресейдегі елшісі Рюдигер фон Фрич.

Германияның Ресейдегі елшісі Рюдигер фон Фрич Қырымға бару ресейліктерге Шенген визасын беруге себеп бола алмайды деп мәлімдеді.

"Интерфакс" агенттігіне берген сұхбатында елші виза беруде тек Еуропа Одағы (ЕО) Қырым Ресейге қосылған соң түзген қара тізімге енгізілген ресейліктерге ғана шектеу қойылатынын айтты.

Бұған дейін ЕО ресейліктер Қырымға Украина билігінің рұқсатынсыз кірсе оларға Шенген визасын беруден бас тартылуы мүмкін екенін жоққа шығарған. Ол кезде "Қоғамдық бақылау" тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамының өкілдері халықаралық құқық талаптары бойынша Қырым оккупацияланған аймақ болып саналатындықтан виза беруден бас тартылуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Германия елшісі бұған қоса ақпарат құралдарында пайда болған Қырымға барған ресейліктерге Шенген визасы берілмегені жайлы ақпаратты да терістеді. Оның сөзінше, соңғы уақыттары мультивиза мен көп жылдық виза берілген азаматтар саны артқан.

XS
SM
MD
LG