Accessibility links

Тәжікстанда БАҚ-қа жаңа шектеу енгізілді


Тәжікстанда шығатын газет-журналдар. (Көрнекі сурет).
Тәжікстанда шығатын газет-журналдар. (Көрнекі сурет).

Тәжікстан билігі елдегі ақпарат құралдарының ресми хабарларды мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасамай таратуына тыйым салды.

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметінің 20 шілдеде хабарлауынша, енді барлық мемлекеттік мекемелер ақпараттық хабарламалары мен мәлімдемелерін "Khovar" мемлекеттік ақпарат агенттігіне беріп отыруы тиіс, ал өзге ақпарат агенттіктері ресми ақпаратты тек "Khovar" агенттігіне сілтеме жасап қана хабарлай алады.

Тәжікстанның Ұлттық тәуелсіз медиа ассоциациясының басшысы Нуриддин Каршибоев бұл ережесін айыптады. Ол "жаңа ереже ресми ақпаратты теңдей алуға құқық беретін конституция талабына қайшы" екенін мәлімдеді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Азиядағы кедей елдердің бірі саналатын Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып отыр. Құқық қорғаушылар Рахмон билігін өзгеше ойлайтынды қудалап, тәуелсіз ақпарат құралдарын қатаң бақылауда ұстайды деп сынайды.

XS
SM
MD
LG