Accessibility links

Қазақстан Freedom Now ұйымын тіркеуге қарсы дауыс берді


Freedom Now ұйымның белгісі
Freedom Now ұйымның белгісі

БҰҰ әлемде заңсыз сотталғандарды босату ісімен айналысатын Freedom Now халықаралық қоғамдық ұйымына аккредитация беріп, БҰҰ кеңесшісі қатарына қабылдады.

Freedom Now ұйымының БҰҰ-ның кеңесшісі қатарына енуіне 29 ел дауыс беріп, тоғызы қарсы шыққан. Қарсы шыққан елдердің қатарында Қазақстан, Ресей, Боливия, Қытай, Пәкістан, Судан, Оңтүстік Африка, Қырғызстан бар.

«Freedom Now кей елдерге ұнай бермейді. Себебі бұл ұйымның заңгерлері саяси ойларына, дініне қатысты заңсыз сотталғандарды босату үшін жұмыс істейді» деді АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Саманта Пауэр.

Биыл маусымда БҰҰ Freedom Now-дың кеңесші статусын алу ұсынысынан бас тартқан. Кейін оңтүстік африкалық архиепископ, Нобель сыйлығының иегері Десмонд Туту БҰҰ комитетінің мүшелеріне өтініш Freedom Now ұйымының статусын қайта қарауды өтінген.

XS
SM
MD
LG