Accessibility links

Джон Керри: Иран санкциясы 6 айда алынады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің айтуынша, Иранға салынған санкция алдағы алты айдың ішінде алынуы мүмкін.

"Америка дауысы" радиосына берген сұхбатында Джон Керри "Санкцияны алмас бұрын Иран мен Халықаралық атом энериясы агентттігі (МАГАТЭ) арасындағы бірнеше мәселе шешілу керек. Оған шамамен алты айдай уақыт кетеді" деді.

Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің вето қоюға құқығы бар бес мүшесі - АҚШ, Қытай, Ресей, Франция мен Ұлыбритания және Германия Венада Тегеранмен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім жасасқан. Келісім бойынша, Иран ядролық қару жасауға ниетті емес екенін дәлелдеген жағдайда экономикалық санкциялар біртіндеп алынатын болған.

XS
SM
MD
LG